342
Көктайғақ: Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Бір тәулік ішінде тіркелген 19 жол-көлік оқиғасы жәбірленушілер мен зардап шеккендерсіз өтті
Қарағандыда автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"12 қазанда сағат 19:00 шамасында Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ ол алған жарақаттарынан көз жұмды", – делінген хабарламада.