Шерзаттың өлімі: Талғарға Ұлттық ұлан сарбаздарын жұмылдыруға мәжбүр болды

Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған

Шерзаттың өлімі: Талғарға Ұлттық ұлан сарбаздарын жұмылдыруға мәжбүр болды
Фото: Halyq Uni
10339

Алматы облысының Талғар қаласында соңғы оқиғалардан кейін қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат есімді жасөспірім кісі қолынан қайтыс болған еді.

Жасөспірімнің қазасынан кейін Шерзаттың туыстары істің ашық тергелуін талап етті.

Одан кейін марқұм Шерзаттың үйін әлдекімдер өртеп кетіп, полиция бұл отбасыны қорғауға алды.

Серіктес жаңалықтары