485
Түркістандық студент самбо күресінен әлем чемпионы атанды
Еркебұлан Ахат 58 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Түркістандық студент Еркебұлан Ахат жастар арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.
Байрақты бәсеке 11-13 қазан аралығында Кипр мемлекетіндегі Ларнака қаласында болған. Айтулы додада бақ сынаған түркістандық бозбала Еркебұлан Ахат 58 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыласқа шақ келтірмей чемпион атанды.
Еркебұлан Ахат – Cарыағаш ауданына қарасты Ақниет елді мекеніндегі №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ІІІ курста оқиды. Ол самбо күресінен білікті бапкер Жанәділ Алдияровтан тәлім алған.