1041
Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынды
Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп жатқанын сарбаздың адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Инга Иманбайдың хабарлауынша, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған. 1 қазан күні қаулы шығып, негізгі қылмыстық істен бөлек дәрігерлердің іс әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталған. Ол іс бойынша да сараптама тағайындалған.
– Негізгі іс бойынша сараптама нәтижесін күтіп жүрміз. Тек қана Сіздердің қолдауыңызбен әділеттілікті талап етуді жалғастырамыз, – деп жазды Инга Иманбай.