«Отбасымды аман-есен алып шығуым керек»: Шерзаттың әкесі күтпеген мәлімдеме жасады

Шерзаттың әкесі тараған видеоға өткір реакция білдірді

«Отбасымды аман-есен алып шығуым керек»: Шерзаттың әкесі күтпеген мәлімдеме жасады
Коллаж: Ulysmedia
798

Талғардағы трагедияға қатысты әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасының жазбасы тараған. Видеоның бас-аяғы түсініксіз. Осыған қатысты Ulysmedia.kz тілшісі марқұм Шерзат Болаттың әкесінің пікірін сұрады. 

Шерзаттың әкесінің пікірінше төбелестің видеосын әлдекімдер әдейі таратқан. 

“Бәрін көріп отырмын. Әділетті шешім күткем. Әдейі таратып отыр видеоны. Қандай жағдай болса да айтайын. Мен қан төксем, мені қаралауға болады. Мен қан төккен жоқпын. Менің баламды анасының көзінше өлтіріп отыр. Одан басқа не дәлел керек оларға? Отбасымды қалай қорғауым керек сонда?  Олар бірінші пышақпен келді ғой, мен сонда ручкамен шығуым керек пе? Жатып алып таяқ жеуім керек пе?” - дейді Қаржаубай Нұрымов.

Қаржаубай Нұрымов бұлай жалғаса берсе әділдікке сенбейтінін, тіпті Қазақстаннан көшуге мәжбүр екенін айтты. 

“Енді мен әділдік болады дегенге сенбеймін. Баламнан айырылып, үйімнен айырылып отырғанда, енді келіп осылай жасап жатыр. Амал тек отбасымды аман-есен алып шығып кетуім керек. Қазақстаннан көшем”,- деді әкесі. 

Серіктес жаңалықтары