Приозерск гарнизонында да әскери қызметші көз жұмды

Ол қарауыл қызметінде тұрғанда өзін-өзі бастан атқан

Приозерск гарнизонында да әскери қызметші көз жұмды
istockphoto.com
301

Қарағанды облысындағы Приозерск гарнизонында әскери қызметші өз-өзін атып өлтірді. Бұл ақпаратты Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес.

14 қазанда Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметін атқарған уақытта бекітілген қарумен өзінің бас аумағына оқ атқан. Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжалға байланысты өз-өзіне қол салған, - делінген хабарламада. 

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетерлігі, сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалған. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары