Елена Рыбакина Сауд Арабиясында өтетін финалдық турнирде өнер көрсетеді
Қазақстандық теннисшінің кортқа қашан оралатыны белгілі болды.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Риядқаласында өтетін WTA-ның 2024 жылғы финалдық турнирде өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнир 2-9 қараша аралығында өтеді.
«Екінші WTA финалына дайын Елена Рыбакина былтыр жекелей сында іріктеуден өткен алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. Ол бес финалға өтіп, үш WTA 500 (Брисбен, Абу-Даби және Штутгарт) титулын жеңіп алды және екі WTA 1000 финалында (Доха мен Майами) бақ сынаған тағы бір керемет маусым өткізді. Рыбакина бұған дейін WTA финалының жұптық сынында Қазақстанның намысын қорғаған Анна Данилина мен Ярослава Шведоваға қосылды!», — деп жазды WTA баспасөз қызметі,