993
Басы тоңазытқышта болған: Ақтөбеде 1 ай бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды
Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйінде төбелескен кезде өлтірілген.
Із-түзсіз жоғалып кеткен Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғыны Денис Кузьменко өлі табылды.
Марқұмның туыстары жоғалып кеткені туралы бір ай бұрын құзырлы органдарға хабарлаған.
Жақында полиция жедел іс-шаралар барысында ер адамның бөлшектелген денесін қаладан тыс жерде тапты. Ер адамның денесі бірнеше пакетке салынған.
Ал басы күдіктілердің бірінің үйіндегі мұздатқыштан табылды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мас күйінде төбелескен кезде өлтірілген.
Күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.