213
БҚО-да жантүршігерлік апаттан бір азамат қайтыс болды
Полиция тергеу бастады.
15 қазан күні таңғысын Орал – Атырау тас жолында жантүршігерлік апат болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сағат 07:20-да ВАЗ 2110 және Лада Веста көліктері соқтығысқан.
Жол апатынан автокөлікте отырған жолаушы сол жерде жан тапсырды.
Екі көліктің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды еске салады», - деді БҚО Полиция департаменті.