Прокурор: Шерзат Болаттың өліміне 10 адам күдікті деп танылды

Бұған дейін жеті адамның ұсталғаны туралы мәлімдеген еді.

Прокурор: Шерзат Болаттың өліміне 10 адам күдікті деп танылды
коллаж: Тurkystan.kz
984

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы үш адам ұсталғанын хабарлады.

Бұған дейін жеті адамның ұсталғаны туралы мәлімдеген еді. Осылайша күдіктілердің саны онға жетті.

«Бұл іс бойынша 10 адам күдікті ретінде танылды. Тағы 2 адам қылмыстық қудалаудың шеңберінде. Бірақ олардың куәгер мәртебесі және қорғау құқығы бар», – деді Берік Адамов брифингте.

Сонымен қатар брифинг барысында ұйымдасқан топтың жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ешқандай есепте жоқ екені атап өтілді.

«Осы іс шеңберінде мен ұсталғандардың қысқаша сөзбен сипаттамасын беруге рұқсат етіңіз. Екеуі ипподромда ат күтуші болып жұмыс істейді. Біреуі «Шымбұлақта» жұмысшы, тағы бірі «Ақбұлақта» күзетші, ал екеуі сұлулық салондарында жұмыс істейді», – деп жауап берді Берік Адамов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Полиция 4 қазан күні Талғарда болған қайғылы оқиғаның толық бейнежазбасын көрсеткен жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары