«Өзіңізді ойлаңыз»: Мақпал Жүнісова жанына жақын адамдарды атады

Дина Төдепберген әнші Мақпал Жүнісовамен сұхбаттасты.

«Өзіңізді ойлаңыз»: Мақпал Жүнісова жанына жақын адамдарды атады
сурет ашық дереккөзден алынды
635

Танымал әнші Мақпал Жүнісова «Din Dina Show» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сұхбат барысында өнер иесі өзіне жақын адамдардың есімін атады. Ол қызы Мерей, анасы Үміт және інісі Бағдат.

«Бұның ақиқаты неде екенін білесіз бе, Мақпал ханым. Демек сіздің өміріңізде ең бірінші орында тұрған Мерей. Одан кейін сіздің болмысыңызды уайымдайсыз жалпы анаңыз үшін де, үшінші сіздің өміріңізде елеулі адам  - Бағдат мырза. Енді Мақпал қайда деген сұрақ? Неге бірінші Мақпал айтылмайды?», - деп сұрады журналист Дина Төлепберген.

Журналист Дина Төлепберген Мақпал Жүнісовадан неліктен бірінші орынға өзін қоймайтынын сұрады.

«Мені ойлайтындар адам көп қой. Мені ойлап жүрсеңіздер болды», - деп жауап берді әнші Мақпал Жүнісова.

Халық әншісінің айтуынша, өзін мақтап айта алмайтынын және оны ойлайтын адамдар бар екенін жеткізді.

«Менің айтпағым, бірінші өзіңізді ойлап жүріңіз. Мұқағали атамыздың шығармашылығын жақсы білесіз ғой. Өз-өзіңді жақсы көр деген», - деді журналист.

 

Серіктес жаңалықтары