400
Қазақстандық төрт мерген әлем кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды
Делиде (Үндістан) спорттық атудан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.
Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.
Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.
Айта кетелік, Әлем кубогының финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.
Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогының жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.