«Жақында айтылады»: Индира Елемес Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы жайлы пікір білдірді

Өнер иесі желіде түрлі пікір жазып жатқандарға да үндеу жасады.

«Жақында айтылады»: Индира Елемес Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы жайлы пікір білдірді
коллаж: Тurkystan.kz
2278

Әнші Индира Елемес композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың қазасына қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, өнер иесі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында марқұм композитордың жертөледегі студиясында жан тапсырғаны туралы жария еткен болатын. Артынша, осы әрекеті үшін қоғамның сынына ұшыраған еді.

Эстрада жұлдызы Elitar.kz ақпараттық порталына сұхбат беріп, бағдарламаға амалсыздан барғанын айтты.

«Алла куә, ол жерге барғым келген жоқ. Бағдарлама тілшісі мені көндіру үшін үш сағаттай күтті. «Әруағын сыйласаңыз келіңіз» деген әңгіме айтты. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де, өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да, ақиқатын айттым. Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де, көңіліме алмаймын. Арым таза екенін білемін!», – деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі желіде түрлі пікір жазып жатқандарға да үндеу жасады.

«Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен. Осы уақытқа дейін ешкімге жамандық жасаған емеспін. Адамдар қалай жаман сөздер жазады. Үш-төрт күн үйден шыға алмай, жатып қалдым. Марқұмның неден көз жұмғаны жақын арада айтылады», – деді Индира Елемес. 

Серіктес жаңалықтары