Қостанай облысында түнгі клубтағы жанжал адам өлімімен аяқталды

41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.

Қостанай облысында түнгі клубтағы жанжал адам өлімімен аяқталды
скриншот
256

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Ер адам екіншісін жерге құлатып, соққыға жыққан. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz басылымына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан бірі екіншісін көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Ер адам оны жерге құлатып, бетінен бірнеше рет ұрған.

Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.

22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу» бойынша тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары