БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді

Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған баспана кілттері ауыл тұрғындарына берілді.

БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді
БҚО әкімдігі
199

 Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін қосымша 38 тұрғын үй бой көтерді.

Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері бір апта бұрын табысталған еді. Бұл жолы Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған баспана кілттері ауыл тұрғындарына берілді.

«Міне, жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын елімізде. Ауылымыз көркейе берсін!», - деді жаңа қоныс иесі Жаңыл Айдарханова.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында. Сондай-ақ, Оралдағы Саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына 2 мыңнан астам үй сатып алынды.

Серіктес жаңалықтары