363
Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн сұраған келіншек 11 жылға сотталуы мүмкін
Ол Қуандық Бишімбаевтың отбасына көмектесуге уәде берген.
Елордалық келіншек Бишімбаевтың жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның отбасынан 100 млн теңге пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Келіншек сот процесін алқа билердің қатысуымен өткізуді сұраған.
Оған Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылып отыр: «Қылмысқа дайындалу, қылмыс жасауға тырысу», «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық», «Арандату», «Аса ірі мөлшерде пара алу».
17 қазанда өткен сот отырысында прокурор күдіктіні 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, бірнеше ай бұрын Қуандық Бишімбаевтың отбасы Антикорға жүгінген. Олар Астана тұрғынының Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге көмектесу үшін 100 млн теңге сұрағанын айтқан.