Талғарда серіктесін атып тастаған азаматқа үкім шықты

Алматы облысының Талғар ауданындағы кісі өлімі өткен жылдың қаңтарында болған.

Талғарда серіктесін атып тастаған азаматқа үкім шықты
istockphoto.com
Автор
Админ
281

Іскерлік серіктес болған ер-азаматтар арасында ақша үшін жанжал туған. Соңы өліммен аяқталған. Алқа билер үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті екі оғы бар қаруды Талғар ауданындағы каналдың жағасынан 2022 жылдың желтоқсанында тауып алып, қылмыс жасаған күнге дейін сақтаған.

«2023 жылдың қаңтарында сотталушы И мен жәбірленуші К ақшаға байланысты туған түсініспеушілікті шешу үшін кездесуге келіседі. Олар жәбірленушінің Алматы облысының Талғар ауданының Белбұлақ ауылында орналасқан үйінің жанында кездескен. Әңгіме барысында олар келісімге келе алмай, жәбірленуші автокөліктен шыққан. Сотталушы алдын-ала дайындап қойған қаруын алып, жәбірленушіден кейін түсіп, атып жіберген», - деді Алматы облыстық сотында.

Оқ жәбірленушінің жамбасынан тиген. Ол үйіне тығылып, жан саудалаған. Бірақ сотталушы соңынан кіріп, арқасына тағы да оқ атқан. Алған жарақатынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Сотталушы оқиға орнынан жасырынып, қаруды Алматыға бара жатқан жолдың бойына лақтырып жіберген.

Іс бойынша алқа билер үкім шығарды. Олар күдіктіні кінәлі деп тауып, 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Қаруды заңсыз сақтау бабы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталды.

Серіктес жаңалықтары