«Жыламаңдаршы»: Меруерт Түсіпбаева тағы да блогерлерге шүйлікті

Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде көз жасына ерік беретіндерге ескерту жасады.

«Жыламаңдаршы»: Меруерт Түсіпбаева тағы да блогерлерге шүйлікті
сурет ашық дереккөзден алынды
811

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде трагедия жасап жүретіндерге жекіп тастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, әрбір адам басына түскен қиыншылығын жеке өзі жеңе алуы керек. Әлеуметтік желіге ебіл дебіл жылап, мәселе айтатын орын емес екенін жеткізді.

«Біздің аналарымыз басына қандай іс түссе де, сабырлық танытқан, көз жасын көл қылмаған… (Жаман ырымға балаған) Жар салып , жер тепкілеп, қиындықтарын жайып салмаған. Көз жастарыңды сорғалатып желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа, досыңа айт, есікті тас жауып, өзіңмен өзің жыла, тауға барып бар дауысыңмен айқайла. Білмеймін, трагедияны тұншықтыратын амал көп қой. Құдай үшін, көз жастарыңды көл қылып, видео салмаңдаршы! Онсыз да жетісіп жүрген адам жоқ!», деді Меруерт Түсіпбаева.

 

Серіктес жаңалықтары