«Өзінің соры, біреудің соры болып туатын бейбақтар»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы

Мен өз бағымды, бақытымды шығармашылықтан, ана болудан тапқан жанмын, дейді ол

«Өзінің соры, біреудің соры болып туатын бейбақтар»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы
фото: әлеуметтік желіден
Автор
Админ
10687

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің бұрынғы күйеуімен ара қатынасы, онымен ажырасуы туралы сұхбат берген болатын.

БАҚ өкілі енді бұл тақырыпқа қайтып оралмайтынын мәлімдеді. Дана Нұржігіт өткен өмірі туралы енді қозғамайтынын әрі мамандағына қайтып оралғанын айтты.

«Сонымен, болары болып, бояуы сіңді! Бұл кітаптың бетін жабамын. Мен сүйікті кәсібіме оралдым. Жаңа командаммен жоспар құрып жатырмыз, денсаулығым жаймен дұрысталып келеді, ештеңеге алаңдамай жұмысқа кірісіп жатқан жайымыз бар.

Баққаны-өсек ұсақ адамдар мейлі ол 20-ғы жас болсын, мейлі 50 ересек болсын,сол деңгейде өмір бақи қалады. Адам өзгермейді екен. Ол өзінің соры, біреудің соры болып туатын бейбақтар. Оларға да күн керек, не істейміз енді?! Мен өз бағымды, бақытымды шығармашылықтан, ана болудан тапқан жанмын. Кеше 4 сұхбат жаздым.

Ұстаз, кәсіпкер, Халық әртісі Майра келді сұхбатқа. Сондай-ақ менің арнамда тұрақты түрде “Абай болыңыз!” деген заңгерлермен болатын кездесулер өтеді. Қолдап, тілек жазып, қоштап жатқандарыңызды көріп отырмын, жандарым!

Қылмыскерді орнына қою заңды жолмен ғана жүруі тиіс. Иә! Бірақ, жәбірленуші екеніңді дәлелдеу қиынның қиыны екенін өз басымнан көрдім. Әділет жолы-тар жол тайғақ кешу. Шыдас берсең ғана, жеңесін! Өзің сауатты болып, зерттеп, оқып, өз мәселеңді өзің шеше алатын білім мен табандылығыңның арқасында мақсатқа жетесің!

“Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен.” деген Сұлтанмахмұттың сөзі үнемі жадымда. Дұрысы да-менікі!
Бұрысы да-менікі! Өйткені бұл-менің өмірім!», — деді тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары