Оралда мектеп әкімшілігі мұғалімдерден 42 млн теңге өндіріп алу үшін сотқа жүгінді

Орал соты бас бухгалтерді кінәлі деп таныды.

Оралда мектеп әкімшілігі мұғалімдерден 42 млн теңге өндіріп алу үшін сотқа жүгінді
istockphoto.com
Автор
Админ
242

Орал қаласында жалпы білім беретін орта мектеп 75 мұғалімге еңбекақы ретінде артық төленген 42 млн теңгені қайтару туралы сотқа шағым түсірген, деп жазады turkystan.kz.

Тергеу органы мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Орал қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған.

Қылмыстық іс аясында мектепке жүргізілген мемлекеттік аудит 2021-2022 жылдары 75 мұғалімге 42 млн теңге артық төленгенін анықтады.

Алайда, сотта мектеп әкімшілігінің өкілдері педагогтардың қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын, соның салдарынан оларға артық қаражат аударылғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді ұсына алмаған.

Осыған байланысты №2 Орал қалалық соты мектептің талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот жұмысқа немқұрайлы қарау немесе бухгалтерлік қателік болмаған жағдайда еңбек және азаматтық заңнамада көрсетілгендей, артық төленген соманы қайтаруға негіз жоқ екенін атап көрсетті.

Серіктес жаңалықтары