236
Павлодарда ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия ақшасы желге ұшқан
Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген субсидия ақшасы сыбайлас жемқорлық арқылы талан-таражға түскен.
Өңір прокуратурасының мәліметінше ақша қаражаты құжат жүзінде ауыл шаруашылығы техникасын алуға жұмсалды деп көрсетілгенімен, іс жүзінде жеке мақсатқа жұмсалған.
«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 500 млн теңге шығын келген. Екі шаруа қожалығы техника алу үшін 132 млн теңгені субсидия ретінде алып, кейін басқа мақсатта жұмсаған», - деді прокуратура.
Анықталған бұзушылықтар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр. Облыс әкімдігіне бұзушылықтарды жою туралы ұсыным берілді.