318
Үржарда имам 11 жастағы баланы қағып кетті
Ұл бала ауруханада көз жұмды.
Қайғылы жағдай 14 қазан күні Үржар ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Таңғы сағат 11:40 шамасында Гагарин көшесінің бойында Toyota Rav-4 кроссоверіне мінген 44 жастағы жергілікті имам 11 жастағы баланы қағып кетті.
ҚМДБ көлік тізгінінде ауыл имамы болғанын растады.
«Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жас бала Үржар ауданының Орталық аудандық ауруханасында көз жұмды. Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан, жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Абай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыс полициясының басшылығы тергеуді бақылауға алды.