263
Qarmet шахтасында үш кенші жарақат алды
Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.
Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында тау-кен массасы құлап, 3 кенші зардап шекті.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.
Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.