280
Ақмола облысында әпкесі мүгедек інісін мұрагерліктен айырған
Целиноград ауданының прокуратурасы еңбекке қабілетсіз жанның мүддесін қорғады.
Анасы қайтыс болғаннан кейін жігітке мұра қалған.
«Туған әпкелерінің бірі нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екенін жасырып, алты ай өткеннен кейін анасының барлық мұрасын алып, туған інісін мұрасыз қалдырған», - деді прокуратура.
Сот үкімімен жігіттің мұрагерлік құқығы қалыпқа келтірілді. Әпкесіне берілген мұрагерлік құқықтың күші жойылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.