314
БҚО тұрғынынан есірткінің 200-ге жуық дозасы табылды
Жігіттен ұнтақ заты бар 50 zip-пакеті табылып, тәркіленді.
Орал қаласының тұрғынынан есірткінің 200-ге жуық дозасы табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 21 жастағы жігіт есірткі сатты деген күдікке ілінді. Жеке тексеру кезінде жігіттен ұнтақ заты бар 50 zip-пакеті табылып, тәркіленді. Алдын ала есептеулерге сәйкес, тәркіленген заттың құрамында 200 доза есірткі заты бар.
Бүгінде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.