896
Жас баланы зорлады деп айыпталған күдікті абақтыда көз жұмды
Қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбенің Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жас баланы зорлады деп айыпталған күдікті көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақтөбедегі абақтыда 16 жасқа толмаған баланы зорлады деп тұтқындалып, тергеуге алынған күдіктінің суицид жасағаны анықталды. Алдын-ала дерек бойынша зорлық-зомбылық іздері табылмаған», - деді ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған.