352
Астанада мектеп жанында жеңіл көлік оқушыны қағып кетті
Оқиға орында түсірілген суреттер желіге тарады.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше жол-көлік оқиғасы бүгін Конституция көшесінің бойында, №26 мектептің маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Mitsubishi маркалы көлігінің жүргізушісі жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 14 жастағы баланы қағып кетті. Оқушы ауруханаға жеткізілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.