«Жастар Рухы» белсенділері Қазақстан бойынша 10 мың Ту іледі

«Жастар Рухы» белсенділері Қазақстан бойынша 10 мың Ту іледі
510

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан «Менің Елім – Менің Туым» акциясы өтіп жатыр. Ол ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміз бойынша 10 мыңға жуық Туды ілуді жоспарлап отыр.

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке бастар маңызды алғашқы қадам болды.

«Қысқа уақыт ішінде «Менің Елім – Менің Туым» акциясы дәстүрге айналып үлгерді. Біз Туды ілу арқылы тек патриотизмді көрсетіп қана қоймай, азаматтардың ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіндегі бірлігін көрсеткіміз келеді. Мәселен, тек Астананың өзінде жергілікті әкімдіктің және «Астана жастары» орталығымен бірігіп қала ішінде жүздеген Қазақстан туын ілуді жоспарлап отырмыз», – деді «Жастар Рухы» аумақтық ұйымдастыру жұмыс басқармасының жетекшісі Інжу Байшүкенова.

Айта кету керек, акцияға тек жастар қанатының белсенділері ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да қатысуда. Олар Туды үйлеріне, қоғамдық орындарға ілуде, тіпті көліктерін де Тумен безендіруде. Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатуда. Акцияға астаналық көпбалалы ана Наргиз Ернарқызы да қосылды.

«Республика күні жақындап қалды, біз өз Мемлекеттік рәмізімізді мақтан тұтатамыз. 25 қазан – мен үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін маңызды тағдырлы мереке. Көптеген елдерде халық осылай өз Туын іліп, отанға құрметін білдіріп жатады, біз де осылайша Қазақстанда Мемлекеттік Туымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Біз – біргеміз!» – деді ол.

«Менің Елім – Менің Туым» акциясына барлығы 1000-нан астам «Жастар Рухы» белсендісі қатысуда, олар 10 мың Туды барлық өңірде ілуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, Егемендік туралы Декларация қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарға сәйкес келетін мемлекет жұмысының сапалы жаңа жүйесін бекітті. Тұңғыш рет республика тарихында биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары қағидаты бекітілді. Саяси және экономикалық бәсекелестікті қамтамасыз ететін ережелер енгізілді. Декларация барлық қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға тең мүмкіндіктерге кепілдік берді. Құжатта аумақтың тұтастығы, егемендігі мен таласқа түспейтін тәуелсіздігі, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары