«Ақшаңызды көбейтіп береміз»: Түркістан облысында алаяқ 160 млн өндіріп алған

Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады.

«Ақшаңызды көбейтіп береміз»: Түркістан облысында алаяқ 160 млн өндіріп алған
Сурет: polisia.kz
312

Полиция ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісін сотқа жолдады,  деп хабарлады  рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында «Cyberpol» жедел мақсатты тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті.

Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды. Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген.

Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады.

Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦҚ-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ «Cyberpol»  қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген.

Серіктес жаңалықтары