«Интимге қатысты сұрақтар қойған»: Астанада тұрғын үйдегі лифтіде мектеп оқушысы қызға қырындаған (ВИДЕО)

Мектеп оқушысы ұятсыз қылықтар көрсеткен.

«Интимге қатысты сұрақтар қойған»: Астанада тұрғын үйдегі лифтіде мектеп оқушысы қызға қырындаған (ВИДЕО)
сурет ашық дереккөзден алынды
1491

Желіде Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде түсірілген бейне пайда болды. Кадрларда автордың сөзінше, мектеп оқушысы ұятсыз сұрақтар қойып, оғаш дыбыстар шығарған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейне авторы баланың лифтке кіріп, қызға ұятсыз сұрақтар қоя бастағанын жазған.

«Бала лифтке кіріп, оғаш дыбыстар шығара бастайды. Кейін қызға жыныстық қатынас туралы сұрақтар қойып, қолымен көрсеткен. Ата-анасына айтарым, міндетті балаңызбен бұл жайлы сөйлесіңіз, - делінген бейне астындағы жазбада.

Көптеген желі қолданушылары баланың мінез – құлқының өзгеру себебі ата-аналардың бақылауының болмауы және балалардың ғаламторды еш шектеусіз түрлі бейнелерді көруі деп жазды.

«Бұл жазбаны полицияға тапсыру керек. Қатаң профилактикалық жұмыс жүргізілуі керек», «Қазір порнографиялық бейнелер тым қол жетімді сондықтан болар зорлық-зомбылық көбейіп барады» - деп желіде пікірлер қалдырды жазылушылар.

 

 

Серіктес жаңалықтары