Синоптиктер еліміздің 11 өңірінде ескерту жариялады
Бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.