299
Түркістан облысында үш тонна шөп өртенді
Өрттің себебі анықталып жатыр
Түркістан облысы Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында үш тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді.
Өрт сөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.