321
Жазғы дөңгелекті ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады
1 желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін 18 460 теңге айыппұл қарастырылған
Алматы полиция департаменті осындай айыппұлдар туралы ескертті.
Ауа-райының нашарлауына байланысты департамент жүргізушілерге жазғы доңғалақтарын алдын ала қыстыққа ауыстыруды ұсынады.
«Қыс кезеңінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Көліктің барлық дөңгелектері қысқы доңғалақтарға ауыстырылсын», – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
1 желтоқсаннан кейін аталған талаптарды бұзғаны үшін 18 460 теңге айыппұл қарастырылған.