Алматыда шопан мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан

Алматы облысының ПД баспасөз қызметі шопанның ұсталғанын хабарлады

Алматыда шопан мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан
istockphoto.com
342

Алматы тауларында мотоцикл жүргізушілеріне оқ атып, қорқытқан шопан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, 44 жастағы ер адам мас болған, тіпті олардың біреуінің басын нысанаға алған.

Видео оқиғадан кейін бірден желіде пайда болды. Видео авторының сөзінше, эндуристер тауға шығып бара жатқанда кенеттен алдынан мылтық ұстаған мас адам шығып, олардың біреуінің басын атып тастаймын деп қорқыта бастаған.

Кадрлардан оқтың атылғаны естіледі және мотоциклдердің бірінің дөңгелегі тесілгені көрсетіледі. Жігіттер бірден полицияға қоңырау шалған. Ал шопан бәрін жоққа шығарды.

Алматы облысының ПД баспасөз қызметі шопанның ұсталғанын хабарлады.

"Бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 44 жастағы күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары