Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайд
Қазгидромет 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.