933
«Неге тегін бермейсің?»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі TikTok арқылы киген киімдерін сатты
Мұқанованың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде киімдерін сатылымға шығарып, онлайн сауда жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұқанова TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, өзінің және балаларының киген киімдерін сатты. Саудаға ұсынылған киімдердің басым бөлігі 5 мың мен 10 мың теңге аралығында болды, арасында бірде-бір рет киілмеген киімдер де бар.
Мұқанованың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулері оны қолдаса, енді біреулері «неге тегін бермейсің?» деп сынға алды.