Бір рет өліп-тірілген әйел о дүниеде не көргенін айтып берді

Ол көзін ашқанда көкте болғанын айтты

Бір рет өліп-тірілген әйел о дүниеде не көргенін айтып берді
istockphoto.com
5885

Канзас штатындағы Уичито елдімекенінің тұрғыны Шарлотта Холмстың 11 минут бойы жүрегі тоқтап, одан кейін қайта соққан. Осылайша бір өліп-тірілген әйел сол кездегі басынан өткен жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылы болатын, ол кезде Шарлотта 68 жаста еді. Қыркүйек айында ол ауруханаға жүрегін тексертуге барады. Бірақ сол кезде бірдеңе дұрыс болмай, оның аяқ-астынан қан қысымы көтеріліп, әйел "бақилық болады".

Дәрігерлер инфаркт немесе инсульт болғанын хабарлайды. 11 минуттан кейін ақ халаттылар клиникалық өлімді тіркеді, деп жазады Daily Star. Күйеуі Шарлотта Холмстың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерді сырттай бақылап тұрғанда әйел жоғарыдан не болып жатқанын көргенін айтады. 

"Олардың маған жанама жүрек массажын жасағанын көрдім. Мен олардың бәрін, медбикелерді де көрдім. Бұрын-соңды сезіп көрмеген ең әдемі гүлдердің иісі мұрныма келді. Содан кейін музыканың үні естілді", - дейді америкалық әйел.

Ол көзін ашқанда көкте болғанын айтады.

"Анамды, әкемді көрдім. Әпкемді де көрдім. Артымнана қарап тұрған отбасымды көрдім. Егде әулие адамдарды да көрдім. Олар кәрі болып көрінбейді. Аурушаң да емес. Олардың ешқайсысы көзілдірік кимеген", деп сөзін жалғастырады ол.

Серіктес жаңалықтары