Ақтауда террористік акт жасамақ болған азамат сотталды

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Ақтауда террористік акт жасамақ болған азамат сотталды
ҰҚК
Автор
Админ
221

19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.

 

 

Серіктес жаңалықтары