Ақмола облысында әкімдік қызметкері пара алып жатқанда ұсталған

Ол 1 млн теңге алу кезінде ұсталған.

Ақмола облысында әкімдік қызметкері пара алып жатқанда ұсталған
Facebook/Ақмола соттары
230

Ақмола облысында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауға оқталғаны үшін аудан әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот жария өтті.

«Сотталушы Б. шаруа қожалығының басқарушысы А-дан залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап бермеу үшін 2 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы талап еткен», – делінген Біржан сал аудандық сотының хабарламасында.

Сондай-ақ сотта ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Б-ның сотқа талап қоюға құқығы болмағаны анықталды.

«Бұдан бөлек, бұрын сот шешімімен залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны Б.-ға белгілі болған. Осылайша, Б. өзінің қызмет бабын пайдаланып, А-ны шатастырған», – делінеді хабарламада.

Ол 1 млн теңге алу кезінде ұсталған.

Сот үкімімен Б-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, ұрланған мүліктің 7,5 есе мөлшерінде (15 млн,тенге) айыппұл тағайындалды.Заңнама мен қылмыстық-жазалау әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкімді жария ету ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдігі аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өтті.

 

Серіктес жаңалықтары