Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды

Қылмыстық топ Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген.

Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
226

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды.

Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған.

Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткініқатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайнрежимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.

Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысында, аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары