Жұлдыз Өмірғали той көйлегінің бағасын айтты

Оның айтуынша, тойға екі көйлек тігілген.

Жұлдыз Өмірғали той көйлегінің бағасын айтты
скриншот
434

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали Revue News бағдарламасына берген сұхбатында той көйлегі мен неке жүзігінің бағасын мәлім етті.

Өнер иесі тоғыз жылдан кейін ақ көйлек киіп, қалыңдық атанды. Оның айтуынша, тойға екі көйлек тігілген.

«Менің идеямды қолдаған Аруназ сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әнінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бүрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге», – деді Жұлдыз Өмірғали.

Серіктес жаңалықтары