237
Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті
Абырой болғанда бала аман қалды
Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.