Абай облысында 30 жыл бұрын жабылған әуежай қайта ашылады

Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Абай облысында 30 жыл бұрын жабылған әуежай қайта ашылады
istockphoto.com
Автор
Админ
279

Абай облысының Аққала ауылындағы әуежайды инвестор қаржысын пайдаланып, қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Ақсуат ауданының тұрғындары әуежайды қалыпқа келтіруді бұрыннан сұрап жүрген. Бұл әуежай соңғы ұшақты 1992 жылы қабылдаған. Қазір оның орнына шаруа қожалығы орналасқан.

Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерсін Ескендіровтің сөзінше жобаны жүзеге асыру құны 4 млрд теңгені құрайды. Әуежай іске қосылса өңірдің, әсіресе Тарбағатай, Көкпекті, Зайсан аудандарының көлік-логистика саласына серпін бермек. Туризм дамиды.

«Жобалық-сметалық құжаттар жыл соңына дейін дайын болып қалады. Наурызда сараптама жүргіземіз. Бізде туристік жерлер көп. Әуежай салынса турист санын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Ерсін Ескендіров.

Алғашқыда әуежайда төрт бағыт болады: Семей, Өскемен, Астана, Алматы.

Серіктес жаңалықтары