262
Жетісуда 8 мыңға жуық жалған ветеринарлық сараптама актісі берілген
Жетісу облысы прокурорлары ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының жұмысындағы заң бұзушылықтарды анықтады.
Облыстағы зертханалар тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істеген.
Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.
Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.
Ветеринариялық станция басшылығы бастаған кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды.