Сот Орал қаласының әкіміне айыппұл салды
Қалалық әкімдік Орал қаласының 15 тұрғынына бау-бақша серіктестігінен жер телімін беруден бас тартқан.
Олар бұл шешіммен келіспей, 2 талап-арыз түсірген.
1-ші істе сот бау-бақша ЖШС-де жер учаскелерінің шекарасының болмауы талап қоюшылардың учаскелерге меншік құқығын алу құқықтарын жүзеге асыруына ешбір жағдайда кедергі келтірмейді деп санады. Сондықтан 7 талап қоюшының талап қоюлары толық қанағаттандырылып, өз тарапынан әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылды. Сот әкімдікке сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде талап қоюшылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, жер телімдерін беруді міндеттеді.
2-ші іс материалдары бойынша, екі талап қоюшы уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен жер телімдерін иеленеді. Бұл учаскелерде тіркелген ғимараттар орналасқан. Сот анықтаған істің мән-жайынан шығатыны, бұл екі талап қоюшы жаңа ауыл шаруашылығы жер телімдерін емес, оларға бұрын берілген, т.б. нақты меншігіндегілерді талап етіп отыр.Сондықтан сот бұл екі талап қоюшының талаптарын қанағаттандырып, әкімдікке арыздарын қайта қарауды міндеттеді.
Екі сот шешімі де заңды күшіне енді.
Алайда, әкімдік (жауапкер) сот шешімдерін уақытында орындамаған. МАӘС-ы тарапынан сот шешімдерін орындамағаны үшін Орал қаласының әкіміне әрбір іс бойынша 369 мың теңгеге жуық ақшалай (50 АЕК) айыппұл салынды. Бірақ, салынған ақшалай жазаға қарамастан, жауапкер екінші әкімшілік іс бойынша сот шешімін орындамаған. Осыған орай, әкімдікке 221 мың теңге (60 АЕК) көлемінде қайталап ақшалай айыппұл салынды. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.