211
Жаңаөзенде 38 жетім бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған
Прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағанын анықтады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.
Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.