Жаңбыр, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com
321

Қазгидромет 24-26 қазан күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», — делінген Қазгидромет хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары