Жамбыл облысында жол бойында көлік өртеніп кетті

Жеңіл автокөліктің мотор бөлігінде өрт шыққан.

Жамбыл облысында жол бойында көлік өртеніп кетті
ТЖМ
218

Түнде Шу қаласында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртеніп жатқан көлікті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. 

Жамбыл облысы Шу қаласы Сейфулин көшесі бойында жеңіл автокөліктің мотор бөлігінде өрт шықты.

«Құтқарушылардың күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында өрт шыққан кезде жасалуы керек нұсқаулық берілген. Соған сәйкес, егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралмен өшіруге тырысыңыз:

  • өртсөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.
  • Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін өшіріңіз;
  • Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз;
  • Электр жабдықтарын өшіріңіз;
  • Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз;
  • Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз;
  • Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз;
  • Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз;

Қауіпсіз жерге шығыңыз:

Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;

Жел салдарынан өрт күшейіп кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз.

Серіктес жаңалықтары