Павлодар облысында орманнан табылған отбасы елден шығарылады

Отбасы 2016 жылдан бері Қазақстанда болған және елде болу мерзімдерін бұзған.

Павлодар облысында орманнан табылған отбасы елден шығарылады
скриншот
5031

Павлодар облысында орманнантабылған отбасы Қазақстаннан шығарылатын болды. Шешім соттың миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, отбасы 2016 жылдан бері Қазақстанда болған және елде болу мерзімдерін бұзған. Әкесі – Ресейден, анасы – Украинадан. Олар келген кезде үш айға ғана тіркелген. Бірақ мерзімі аяқталған соң, елден шығуға бас тартқан. Соттың шешімімен әкесі үш күнге қамалды және кейіннен Қазақстаннан шығарылады.

Павлодар облыстық сотының ресми өкілі Агидель Ибраева оның әйелі тек мәжбүрлі түрде шығару жазасына тартылғанын атап өтті.

«Сот азамат М-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 7-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 күнге қамаққа алу және Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлі түрде шығару түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

Еск сала кетейік, биыл мамыр айында 6 бала мен ата-анасы орманда ұйықтап жатқан жерінен табылған еді. Жергілікті халық балалардың жылап жатқан дауысын естіп, айдаладан тауып алған көрінісі видеоға түсіп қалған. Белгілі болғандай, балалардың ең кішісі 1 жаста, үлкені 8 жаста.

Серіктес жаңалықтары