Жас жігіт 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл арқалаған

Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды.

Жас жігіт 195 рет жол ережесін бұзып, 7 млн теңге айыппұл арқалаған
Автор
Админ
331

Алматының 19 жастағы тұрғыны жол ережесін өрескел бұзған болып шықты. Оны полицейлер қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті болады, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары